Садықов Айдос
«Оппозицияны кім қаржыландыратыны туралы сұрақ ештеңе ұқпайтындарды мазалайды. Қаржысыз, қолдаушысыз ештеңе де қолыңнан келмейді деп миына құйып тастаған. Сондықтан осы сұрақты көп адам пікірде қойып жатады, өз ойларын айтып жатады. Белгілі бір олигархтың қолшоқпары» немесе «Әблязовтің жұмысшылары» деп өсек айта береді. Ақшасыз да мәселе шешуге болатынын көбі түсіне бермейді.
Бәрі де идеядан, ұстанымнан басталады, ал ақша оппозициямен айналысатындар үшін екінші орындағы нәрсе, кейде болады, ал көп жағдайда ақшасыз жүреміз. Макс Боқаевқа немесе Арон Атабекке қанша ақша берді деп ойланып көріңіздер. Олар түрмеде отыр, қаласа кез келген уақытта бостандыққа шыға алады, ақшасын ала алатын болса неге шықпай жатыр? Істемегенін істедім деп неге айтпайды? Мәселе ұстанымда, олар ұстанымы ақшадан, бостандықтан және тіпті өмірінен құнды деп есептейді. Өзім де саяси тұтқын болдым, ақша, бостандық ұсынғандар болды, оппозициядан кет деді. Бірақ мен мұндай бостандықтан гөрі түрмені таңдадым».